ЖЕКЕМЕНШІК ГАРАЖ НЕГЕ ӨРТЕНДІ?

Шымкент қаласы Абай ауданы, Кастеев көшесі бойында орналасқан жеке гаражда өрт шықты. Өрт шыққаны туралы хабарлама 2020 жылғы 01 шілдеде сағат 19:02-де келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндірушілер 7 минутта тілсіз жауды ауыздықтады. Жалпы көлемі 160 ш.м. құрайтын гараждың шатыры, ішінде жүк тасымалдайтын «Газель» маркалы автокөлік толығымен және 2 автокөліктің ағаш борттары өртке оранған. Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, гараждың ішінен 50 л бір кислород баллонның жарылуын алдын алып, оны қауіпсіз жерге тез арада шығарды.
Өрттің беті сағат 19:21-де оқшауланып, сағат 19:28 -де толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлікте
техникалық жөндеу барысында электрсымдардың қысқа тұйықталуы орын
алған. Нақты себебін және келтірілген материалдық шығынның көлемін
құзырлы органдар 10 тәуліктің ішінде анықтайды.
Айта кетейік, өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 23 адам және 5
техникасы, Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *