ҚЫЗДАН ҚЫЛЫҚ КЕТСЕ…

Шымкентте ішімдік ішіп жұрттың берекесін алған қыздар уақытша уытсызданыру орталығына жеткізілді,-деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полицияға 2 шілде күні сағат 03:45 шамасында  “Восток” мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің ауласында түнгі уақытта тыныштықты бұзу жайты орын алып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша орынға жедел жеткен полиция қызметкерлері тұрғын үйлер ауласында үш қыздың спирттік ішімдік ішіп отырғанын анықтады. Аталған тұрғындар полицейлердің ескертулеріне құлақ аспай, ары қарай отыра бермек болған. Тәртіп сақшылары олардың алкогольдік масаң күйін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.  Куәландыру нәтижесінде орта дәрежеде алкогольдік ішімдік ішкені  анықталған қыздар уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізілді. Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындардан түнгі уақытта тыныштықты бұзбауларын сұрайды.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *