Елімізде вирус жұқтырғандар саны 44 мыңнан асты. Қазақстанда өткен тәулікте 1501 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, елімізде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 44 075-ке жетті деп жазды сoronavirus2020.kz.
Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметіне сүйенсек, жаңадан тіркелген 1501 науқастың 496-да ауру белгілері бар, 1005 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы екен.
Шымкент қаласында жаңадан 100 жағдай тіркеліп, жалпы вирустпен ауырғандар саны 3294 ке жетті. Ал. Түркістанда 29 жағдай анықталып, 1774 науқас тіркелген. Жалпы еліміз бойынша коронавирус жұқтырғандар саны — 44 075 болса соның 14 77-і дертінен айықты. Өкінішке орай 188 науқас індеттен қайтыс болған.