Шымкент қалалық полиция қызметкерлері көпірден секіріп кетпек болған әйелді құтқарып қалды. Шақыртуға шыққан экипаж қызметкерлері оқыс оқиғаның дер кезінде алдын алды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері өзге шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқан. Сол уақытта Қапал батыр көпірінің үстінен секірейін деп тұрған белгісіз әйел адамды байқап қалады. Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, тәртіп сақшыларының біреуі әйелді сөзге тартып тұрғанда, қалған үш қызметкер оны көпірден тартып, түсіріп алды. Осылайша, тәртіп сақшылары бір адамның өмірін сақтап қалды. Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркелді.