Шымкентте эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен шаһарда бүгінге дейін барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 3320 провизорлы орын ашылды.
Шаһар басшысының тапсырмасымен қалада 51 күндізгі стационар ашылды. Емдеу орындары барлық қажетті дәрі дәрімектермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, залалсыздандыру ерітінділері мен оттегі жастықшалары, баллондар жеткізіліп тұр, -дейді №4 қалалық емхананың бас дәрігері Рамазан Бектұрғанов. Күндігіне 120 жуық науқасты қабылдауға қаухарлы бұл орында 8 дәрігер мен 16 медбике екі ауысыммен жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеуде. Карантин кезінде үйге шақыртулар да елеусіз қалып жатқан жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен шақыртуларды кезексіз, шұғыл түрде қамтамасыз ету мақсатында такси көліктері бөлінген. Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұратын науқастарға берілетін тегін дәрілер де осы автокөліктермен жеткізіліп отыр.
Bozyq.kz