«Жалпыұлттық социял-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиялы «Таза қала» акциясы ұйымдастырды. Игі шарада жастар белсенділік танытып, сүйікті қалаларын тазалады.
Патрия белсенділері бұл жолы саябақ аумағында тазалық акциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ, қаламыздағы бірнеше аулаларда қоқыс қалдықтарынан тазартты. Жалпы ұлттық социялдық демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиялының төрағасы Нұртай Қожақонов әрбір тұрғынды қоғамдық мәдениетті сақтау арқылы қаланы таза ұстауға шақырды. Бастама әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.