ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 997 КӘСІПКЕРЛІК ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТАДЫ

Қаратау ауданындағы 997 кәсіпкерлік нысан карантин режиміне байланысты жұмысын уақытша тоқтатады. Қазіргі таңда карантиндік жағдайға байланысты Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тисті жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, аудан аумағындағы барлық 977 кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде базарлар, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық нысандар, ойын-сауық орталықтары, автожуу бекеттері, моншалар мен сұлулық салондары сынды кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Оған себеп, карантин режимінің екі аптаға созылуы мен талаптардың күшейтілгендігі.

Қазір аудан әкімдігі жанынан тиісті мамандардан құралған 14 мониторингтік топ бар. Олар күнделікті, тұрақты түрде сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын атқаруда.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *