ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 200 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Мегаполис  орталығының басым бөлігін алып жатқан Әл-Фараби ауданында ойын, спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды. Биылдың өзінде 200 ге жуық балалар ойын алаңшаларын пайдалануға беру көзделген.

 Ағымдағы жылдың алты айында Әл-Фараби ауданында 100 аула ел игілігіне тапсырылған. Қосымша  Республикалық  бюджет есебінен 47 аула жасалып жатыр. Қарқынды құрылысқа арнайы бағдарлама бойынша  196 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.

«Біздің ауданымызда 34 спорт алаңшалары бар. Олардың бүгінгі таңда 18-і жөнделіп жатыр. Алдағы 3 айда толығымен ремонттап бітеміз деп отырмыз. Жергілікті бюджеттен тағы 36 аула жасау керекпіз. Қазіргі таңда 200 ге жуық ауланың құрылысы жүріп жатыр»,-деді  Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Ондағы аулалардың 70 пайызы ойын, спорт алаңдарымен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *