Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 29 азамат жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда келісімшарт міндеттемелерін орындамаған 13 тұлғаға қарыздарын мәжбүрлеп төлету жұмыстары жүргізілуде. Талапқа бағынбағандардың ісі Шымкент және Нұрсұлтан соттарына жолданды,-деді Шымкент қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев.
Бүгінде қаланы көгалдандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ал, орман өртіне қарсы 976 га жер учаскесіне минералды жолақ жүргізілген. 2020 жылы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер түсімі 975,916 теңге болады деп жоспарланған. Шымкент қаласы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 5 ай ішінде аталған қаржының 45 пайызын орындаған.
Bozyq.kz