6 шілде Елорда күніне орай Шымкен қаласында 50 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттері табысталған азаматтардың жартысы үй кезегінде мұқтаждар тізімінде тұрса, жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары.
Әкімшілік іскерлік орталығының аумағындағы бұл үйлер мемлекеттің қолдауымен бой көтерген. 9 қабатты зәулім үйде 1,2,3 бөлмелі пәтерлер бар. Жаңа үйге қоныс тепкендердің қуаныштарында шек жоқ. «Бұйырса, тағы да үй кезегінде тұрған 20 жанұяға пәтер кілттері табысталады деп жоспарлануда»- деді Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Абылайхан Балықбаев.
Bozyq.kz