Шымкентте елорда күніне орай онлайн режимде конференция ұйымдастырылды. Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті.
Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры С. Байзахова елорда болашақтың, жастардың қаласы ретінде елдігіміздің тұғыры болып келе жатқанына назар аударды.
Конференция барысында арнайы баяндама оқылып, Ел тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар орталығы «Ел — тірегі елорда» тақырыбында мерекелік апталық ұйымдастырды. Апталық аясында түрлі іс-шаралар қашықтан өтуде.