ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады.
– Қалада 730 дәріхана бар. Оның 60 пайызы үлкен, қалғаны кіші дәріханалар. Аталған дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу қоры жеткілікті. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылған дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын. Бүгінгі күні біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті, жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз, — деді.
Шаһар басшысы тұрғындарды қажетті препараттармен қамтамасыз етуде жауапты мамандарға дәрі-дәрмектердің қоймадан қанша алынып, қаншасы дәріханаларға жеткізілгеніне дейінгі жұмыстардың барлығына сараптама жасап отыруға тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *