ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ КҮНДЕ 50-ДЕН АСА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ЗАҢСЫЗ САТУ АНЫҚТАЛҒАН

Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.
Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.
Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар.
Екінші топ — респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар.
Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар.
Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екені анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.
Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ зат ретінде тәркіленді. Оның ішінде, «ЦЕФ 3» — 130 қорап,«Ингавирин» — 80 қорап, «Дексаметазон» — 4 ампула, «Алоэ экстракт инъекция үшін» — 120 қорап, «Методжект» — 480 қорап, «Глюкоза» таблетка — 3120 тақтайша, «Глюкоза» бутыль – 27, Стекловидное тело – 2160, «Парацетамол» – 18 қорап, «Ферсинол» – 2160, «Аскрупин» — 2160 қорап.
Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы тіркелген. Барлық анықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *