М. ӘЙТЕНОВ ОҚМУ-ДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік түлектерін онлайн құттықтады. 77 жылдық тарихы бар оқу орны биыл Қазақстандағы ЖОО рейтингісі бойынша үшінші орынды иеленсе, әлемдік рейтингте ТОП 500-ге еніп отыр.

2019-2020 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 5248 маман түлеп ұшқалы отырса, оның 362-сі үздік дипломға бітіріп отыр.

«Құрметті түлектер! Сіздерді мамандық иесі атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үздік диплом алуларыңызды еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз деп санаймын. Өмірге алған жолдамаларыңыз тек сәттілік әкеліп, жемісін берсін!» — деп қала басшысы ізгі тілегін білдірді.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *