ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

БАҚ өкілдері Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының құрылысымен танысты.  Шымкенттегі жол құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. 

БАҚ өкілдері әуелі «Ақжайық» шағынаудынындағы Сырым батыр көшесінде болып, бүгінге дейін атқарылған тірліктің куәсі болды.  Аталған көшеде орташа дәрежедегі жөндеу жұмысы жүруде. Жөндеу жұмысының жалпы ұзындығы — 4,8 шақырым.

– Жолдың құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Қазірге дейін бөлінген 423 млн. теңге қаржының жартысын игердік. Аяқталу мерзімі осы жылдың тамыз айы. Нысанның құрылысын өз мерзімінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, — дейді жол құрылысы учаскесінің басшысы М.Бекбауов.

Келесі құрылысы қызу жүріп жатқан көше – Байтұрсынов көшесінің Арғынбеков көшесі қиылысынан дендросаябаққа дейінгі бөлігі. Аталған жолдың бөлігіне бүгінге дейін тек шағал тас төселінген болатын. Қазір мұнда асфальт төселініп, жаяу жүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған. Жолдың ұзындығы — 500 метр. Қазір мұнда 8 техника және 48 жұмысшы нысанды мерзімінен бұрын аяқтауы үшін тынымсыз еңбектенуде.

– Шымкент қаласында осы жылы 45 мердігер мекеме 414 шақырым жолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі орам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысы қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына бюджеттен 27 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 9 млрд теңге қаржы игерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржыны игеріліп, жол құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз,- дейді А.Тұрханов.

Қаладағы қайта жөндеу жұмысы жүріп жатқан жолдың бірі Жангелдин көшесі. Бүгінде монтаждау жұмысы аяқталып, бірінші қабат асфальт төселініп жатыр және жөндеу жұмысы барысында ирригация жүйесі де қайта жөнделіп, жолдың жиектастары ауыстырылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрхановтың сөзінше, қаладағы жол құрылысының басым бөлігін осы жылдың тамыз айында аяқталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *