Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері мен қатар денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, «Шымкент—адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған арнайы жұмысшы топ бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі—дәрмек мөлшері мен олардың бағасына
мониторинг жүргізді.
Қала тұрғындарының шағымдарының көптеп түсуі мониторинг жүргізуге бірден-бір себеп болды. 15-ке жуық мемлекеттік органдар мен денсаулық саласының өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған Жұмысшы топ 3 бағытта жұмыс жасады.
Қалада 560 дәріхана жұмыс жасаса, бірінші күні 10-нан астам дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Топ мүшелерінің айтуынша, заң бойынша дәріханалардың дәрі- дәрмектің бағасын рұқсат етілген бағадан жоғары қоюға құқығы жоқ болса да, бірқатар дәріханаларға тұрғындардың шағымдары түскен. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чек берілмейтіндігі де
айтылған.
Мониторинг барысында анықталғандай, сұранысқа ие «Парацетамол», «Офло», «Дексаметазон» және тағы да басқа дәрілер тапшы. Жұмысшы топ қаладағы 1 дәріханада кейде чек берсе, кейде бермейтіндігіне көз жеткізіп, қызметкерлеріне түсіндіру жүргізді. Сондай-ақ, Жұмысшы топ мүшелері тікелей эфир барысында тұрғындарды жалған жарнамаларға алданып қалмауға, тек дәріханалардан, медицина қызметкерінің рецепті бойынша алуға шақырды. Сонымен қатар, дәрілердің шекті бағасын арнайы dari.kz сайтынан тексеруге болатындығы жөнінде тұрғындарға түсіндірді.
Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио,
бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс , шағымдарыңызды 8702 000 24 94
және 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете
отырып жолдай аласыздар. Аталған бағыттағы жұмыс күнделікті жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметі