ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 164 АУЛА КҮН САЙЫН ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Вирустан келер қауіп артқан сайын қаламызда сақтық шаралары да жіті назарға алынуда. Мәселен, Әл-Фараби ауданындағы орталық көшелер мен аулаларда жиі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

 Жалпы, ауданда 70 көше, 156 аялдама бар. Онда кестеге сәйкес дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Аудан аумағында орналасқан алты базар сенбі-жексенбі күндері залалсыздандырылады. Сондай-ақ, тұрғын үй аулалары 3 күн сайын сайын, ал, вирус таралған аймақ ретінде тіркелген 164 аула күн сайын тазартылады.  Мамандар тұрғындарды негізсіз алаңдамауға шақырады. Дезинфекциялық құралдар мен препараттар адам денсаулығына еш зиян келтірмейтіндігін айтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *