Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қолға алынды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы да қызу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 1962 адам анықталды. Оның ішінде, симптоммен — 753 адам, симптомсыз — 1209 адам. Жалпы Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 53 021-ге жетті.