ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкенттегі ауруханалар мен жедел жәрдем көліктері өкпені жасанды желдету аппаратымен толық қамтылды. Қажетті 123 аппараттың 50-і жедел жәрдем көліктеріне берілсе, қалғаны ауруханалар мен емханаларға және үй жағдайында емделіп жатқан жағдайы ауыр науқастарға үлестірілген. Алғашқы көмектің жедел қызметін көрсетушілер, енді сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр.

 Қазіргі таңда мегаполиста 9 жедел жәрдем подстанциясы мен 6 филиалы бар. Онда 100 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олардың барлығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Шаһардағы ауруханалар мен емханалар және жедел жәрдем көліктері 123 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылған. Оның 50-і транспорттық бағытта жұмыс істеуде. Үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға оттегіні жеткізу құралдары мен дәрі-дәрмек дер кезінде жеткізіліп беріледі. Сондай-ақ, қаладағы барлық емханаларда қосымша күндізгі стационарлар жұмыс істейді.

  -Науқастың өзі дем ала алмай қалған кезде ИВЛ аппарат бар. Бұл науқастың орнына демалады. Оттегі орталық ауа толтырылған балонға қосылған. Оттегі беріліп, науқастың орына дем алады. 02:04 Науқастың жағдайы қандай ауыр болмасын кезкелген жағдайда көмектесе аламыз,-дейді фельдшер Дильмурат Абдраимов

 Күн сайын жедел жәрдем станциясының байланыс орталығында тұрғындарға 15 диспетчер қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем шақырту үшін «103» немесе 53-91-14 нөріне хабарласуға болады. Алайда ақхалаттылар алдымен шын мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *