Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

– Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today басылымына сілтеме жасап. Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған. Тасқыннан туған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес. Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен. Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *