ҚАЛТА ТЕЛЕФОНЫ ҚОЛДЫ БОЛДЫ

«Қалта телефоным қолды болды». Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына осы негізде арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған азаматты ұстады. 

 Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ біреуге қоңырау шалу үшін арызданушының телефонын сұраған.  Осылайша ізін суытып үлгерген.  Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстары кезінде ұялы аппаратты Байтұрсынов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен тапқан. Қазіргі таңда аталған  жағдайға байланысты ҚРҚК-нің 190 бабымен Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «ешқайда кетпеу» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *