ШЫМКЕНТ: РЕТСІЗ САУДА ҚАТАРЛАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының  қызметкерлері ретсіз сауда орындарына тексеру жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде жабайы сауда әрекетіне шектеу қойды.

 Тексеру жұмыстары қаладағы Төлеби көшесінің бойында орналасқан “Қырғы” базарға жүргізілді. Мұнда қалаға жақын аудандардан келген саудагерлер ретсіз сауда жасауға дағдыланған. Кәсіпкерлер аяқ жолдар мен автокөлік тұрақтарының орнын жайма базарға айналдырған. Полиция қызметкерлеріаталған келеңсіздікке байланысты 17 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *