ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес бір топ Ассамблея мүшесі мерекелік медальмен марапатталды. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов табыстады.

Биылғы жылы Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуымен қатар, конституциялық орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 25 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған тиімді қоғамдық институт болып санады.

Бүгінде Шымкент қаласында 17 этномәдени бірлестік  жұмыс жасауда. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосқан этномәдени орталықтардың төрағалары марапатталды.  

Айта кету керек, бүгінде қаладағы 1миллион 38 мыңнан астам тұрғын бар болса, оның  67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *