МЕЙРАМХАНА ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ

Шымкенттегі  «Оңтүстік қабылдау үйі» мейрамханасы жеке меншік мектепке айналды.  Қазір мұнда 45 класс ашылған. Шымкент қаласының бас санитарының талабына сәйкес онда 530 балаға оқуға мүмкіндік бар.  Қазіргі таңда кабинеттер жасақталып, оқушылар қабылдау әлі де жүргізіліп жатыр.

Мейрамхана орналасқан «Нұрсат» мөлтекауданында бір-ақ мектеп болатын. 2700-ге жуық оқушы үш ауысыммен оқуға тура келгендіктен былтыр 1000ға жуық шәкірт моншаны жалға алып, білім алды. Халық көп шоғырланған ауданда биыл мектепке баратын балалар саны тағы артты. Осыны ескерген кәсіпкер Есбол Қамбаров қала әкімдігіне мектеп ашу жайлы ұсынысты өзі жасаған.

Ата-аналардың сұранысы бойынша мектепте кейбір сыныптар ақылы оқытылады. Дегенмен, оқу бағдарламасы бірдей. Тек айына 120 000 теңге беріп оқитын шәкірттер түстен кейін педагогтар көмегімен үй тапсырмасын мектепте орындайды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан 5 мезгіл тамақтанатын болады.

 «Оңтүстік қабылдау үйі» мейрамханасының иесі Есбол  Қамбаров №2 қалалық емханасына 35 тыныс алу аппараттарын сыйға тартты.Германиядан келген аппараттар өкпені жасанды желдетуге арналған. Кәсіпкер алдағы уақытта игі істерді әлі жалғастырамын деген ниетте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *