Шымкентте жыл басынан бері ұзындығы 203 шақырым болатын 160 көшеде жол жөндеу жұмысы аяқталды. Енді жоспарланған жұмыстан ұзындығы 213 шақырымды құрайтын 99 көше қалды. Қыркүйек және қазан айларында жұмыстың 80 пайызы аяқталады деп күтілуде.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов танысып шықты. Ол қалада жол құрылысынан бөлек өткелдерді ретке келтіру, бағдаршам орнату, көшелерді таңбалау жұмыстары да жүргізіліп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Шымкентте аялдамалар да жаңартылып жатыр. Бүгінде негізгі жолдарда 260 жаңа аялдаманың 133-і орнатылды. Қалған 127 аялдаманы орнату әлі де жалғасуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі