381 НЫСАНҒА ЖАҢА АТАУ БЕРІЛЕДІ

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы 2 829 көше бар. Қала аумағы жыл санап ұлғайып, жаңа шағын аудандар пайда болып жатыр. Алайда, бүгінгі күні қаланың кейбір көшелері атаусыз қалып отыр.

Осыған сәйкес, 381 нысанға жаңа атау беру бойынша Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы шықты. Оның ішінде 24 шағын аудан, атауы қайталанатын 52 көше және 305 атауы жоқ көше бар.

Сондай-ақ, қалалық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия мүшелері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімін беру бойынша ұсынысты бір ауыздан қолдаған. Бірлескен шешім негізінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, ұсыныс оң қорытындысын алды. Жыл соңына дейін Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Әл-Фарабидің есімі берілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *