Бүгін Шымкентке Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев арнайы келді. Іс-сапар барысында Арман Оразбайұлы бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесті. Жиында праймеризге дайындық барысы талқыланып, ондағы мақсат сөз болды.
Қаламызға келген партия хатшысы алдымен «Тұран» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен бас қосты. Елімізде алғаш рет өткелі тұрған Праймериз 2020 жобасының мән-маңызын сөз еткен Арман Қырықбаев барлығы да әділ өту керектігін баса айтты.
Сондай-ақ, партия мүшелері дауыс беру учаскелерінің дайындық барысымен танысты. Сапар соңы «Jastar Otanga» бағдарламасын талқылау мақсатында қаламыздың белсенді жастарымен жүздесумен аяқталды.