ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ НӘТИЖЕСІНДЕ АМАН-ЕСЕН ТАПТЫ

Ағымдағы жылы 6 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Кешкі уақытта үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен баланы ересектер алғашқыда өз беттерінше іздестірген. Алайда таба алмаған соң, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Хабарлама бойынша Жедел тергеу тобы іздестіру шаралырын жүргізген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері баланы жарты сағат ішінде тауып, дін аман отбасына табыстады. Осылайша тәртіп сақшылары кезекті келеңсіз оқиғаның алдын алды. Осы орайда полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды назардан тыс қалдырмауларын сұранады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *