Шымкенттегі «Атамекен» медициналық орталығынан ашылған пробизорлы орталық жабылды. Емдеу мекемесі соңғы науқасты үйіне шығарып салды. Енді әдеттегідей жекеменшік клиника болып қызмет атқарады. Медициналық нысандағы тыныс-тіршілік жайлы тілші тарқатып айтады.
«Атамекен» медициналық орталығы бұдан дейін жекеменшік нысан болатын. Орын алған төтенше жағдайға байланысты наурыз айының 15-іне аробизорлы орталық ашылған болатын. Мекеме 500 орынға шақталған. Індет өршіген кезде тәулік бойы қызмет көрсеткен орталықта қазір тек бір адам ғана қалған. Оның өзі құлан таза айығып бүгін өз үйіне оралды.
Айта кетейік, пробизорлы орталықта наурыз айынан бері 3578 науқас емделіп шыққан.