Шымкент қаласында 256 нысан немесе 414,9 шақырым жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 26,8 млрд. теңге қаралған.// Бірақ, салынып жатқан жолдардың сапасы талапқа сай ма? Шымкент «Адалдық алаңына» жол сапасына қатысты 13 шағым түскен екен. Жалпы, қала тұрғындарын не алаңдатады? Тілшіміз зерттеп көрді.
Шымкент күн санап көркейіп, үлкейіп келеді. Жол құрылысы саласы да қызып тұр. Бәрі жақсы –ау! Бірақ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары биыл салынған 156 нысаннан 700-ден астам ақау анықтапты. 700-ден астам. Филиал директоры Мұхтар Дүйсембеков техникалық қадағалау ораганының қызметкерлері қалың ұйқыға кеткенін айтып, дабыл қағып отыр.
МҰХТАР ДҮЙСЕМБЕКОВ – «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
-Біз 156 обьектіден 700 ақаулар анықтады. Ал осы жерде, әр құрылыстың басында жүріп осы кемшіліктерді анықтауы тиіс технадзорлар осы уақытқа дейін бірде бір жұмыс істемеген. Бірде бір кемшілік анықтамаған. Осыған қарап ақ олардың қалай жұмыс істеп жатқанын болжай беруге болады.
Жыл басынан бері жол құрылысы материалдарынан 630 сынама алынған. Оның 278-і нормативтік талаптарға сәйкес келмеген. // Тағы мысал керек пе, міне… // Бұл Қаратау ауданы, «Құлагер» көшесі. // Көшеге асфальт төселетінін естігенде Таубай Сайлауов балаша қуанған екен. Бірақ, ол қуанышы көпке бармапты. Неге екенін өзі айтсын..
ТАУБАЙ САЙЛАУОВ– ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
—Көшеге труба тастамаған. Жаңбыр жауса көшеден келген су үйімізге кіреді. Талай айттық…
Жұмыстың кемшін тұсын мердігер де көріп тұр. Бірақ келіскісі келмейді. Техникалық қадағалау маманын да көргіміз келген. Бұл жолы да қарасын көрсетпеді. // Дегенмен «Әлем-Транс Жол» ЖШС—нің директоры кеткен кемшілікті қайта реттейтін болды. Тоқпақпен әрине…
БАҚЫТЖАН БЕЙҚҰТОВ –МЕРДІГЕР
-Кемшілік болған кезде бұл жерде кафицент упатление дейді. Оған сәйкес келетін болса менде қазіргі таңда лабаратория келді. Кафицент упатление сәйкес болып тұр.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Техникалық қадағалау қызметінің жауапкершілігін арттыру мақсатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне, сондай-ақ Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына хат жолдаған. Бірақ, нақты жауап жоқ көрінеді. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген осы…