Шымкентте 3 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Достық шағынауданында орналасқан орталықта пандемия кезінде 45 мыңнан астам көлік құралын рәсімдеу жұмыстары жүргізілген. 6 мың азамат темір тұлпарын онлайн рәсімдеді. Ал, 8 жарым мыңға жуық азамат мерзімі өткен куәлігін алмастырыпты.
Ғимараттың ішіне маскасыз кіруге болмайды. Орталық қызметкерлеріне де оңай емес. Көпшілікпен жұмыс істеу қиынның қиыны. Әсіресе, әлеуметтік қашықтықты сақтау жағы жүйкені жұқартады дейді мамандар. Сондықтан, темір тұлпарын рәсімдеуге ниеттілер үшін түрлі әдіс қолданылуда. Олар — 1414 номері, «егов» сайты және телеграм-бот.