КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентке кейін қосылған елдімекендердегі  кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Жалпы бұл жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауында. Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Елтай, Бадам-1 тұрғын алаптарында қазір құбырларды ауыстыру жұмыстары жүруде. Ескірген жүйені жаңғыртуға қалалық бюджеттен 446 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда соның 60 пайызы игерілді.

 Жол жиегін жағалай жер қазып, түрлі пішіндегі құбырларды орнатып,  әжетқұдық пен тұндырғыш құралдарын енгізу ісі қазір қарқынды түрде жүріп жатыр. Қала қоржынынан бөлінген 446 млн. теңге кәріз құбырларын ауыстырып, кәріздік станция салуға және жоспарлы жұмыстарға жұмсалуда.

Құрылысқа қажетті материалдардың барлығы да отандық өнімдер. Кәріздік суды өткізудегі сапасы жақсы. Бұрынғысында апатты жағдайлар жиі болатын. Жүйенің жаңғырғанына әсіресе, жергілікті жұрт қуанып отыр.

Жалпы жөндеу жұмыстары 13 шақырымға созылады. Құрылысқа жауапты «Әлем строй» компаниясында 3 бригада, 15 –ке жуық техника жұмыс істеп жатыр. Екі қолға бір күрек тапқандардың  барлығы да жергілікті жердің тұрғындары.

  Көнерген станциялардың кесірінен тұрғыналабты жағымсыз иіс жайлап алғаны жайлы тұрғындар жиі шағымданатын. Ел қауіпсіздігін ойлағандар кәріз сорғы станцияларын жаңартуға баса мән берді. Межелі міндетті жауапкершілікке алған мердігер компания құрылыс жұмыстарын желтоқсанда аятаймыз деп отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *