«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы сынақ зертханасының меңгерушісі Қайрат Шәкіров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің «АНТИКОР ЛАЙФ» жобасы аясында ұйымдастырылған тікелей эфирге қатысты.
Тілекей эфир барысында Қайрат Шәкірұлы 2020 жылы Шымкент қаласында салынған жолдардың сапасын тексеруде орын алған нәтижелер бойынша баяндады.
Кайрат Шәкірұлының сөзіне сенсек, 2020 жыл «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 406 рет сараптама жұмыстарын жүргізген. Сараптама жүргізілген нысандар саны 249 құраған. Нәтижесінде 984 кемшіліктер мен ақаулар анықталған. Оның ішінде 879 жойылған.
Жол-құрылыс материалдарынан 987 сынама алынған. Оның ішінде 362 сынама талаптарға сәйкес келмеген.
Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерімен 22 рет жолға шығу жұмыстары жүргізілген.
Bozyq.kz