ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ДА ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ НОТАРИУССЫЗ ТІРКЕУДІ ҰСЫНДЫ

Бүгінгі таңда жылжымайтын мүлікті тіркеу ең танымал қызметтердің бірі болып есептеледі. Бұған дейін бұл қызметті тек нотариус арқылы жасалынатын. Енді ХҚО-да жылжымайтын мүлікті арзан әрі жылдам тіркеуге болады.

Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.

ХҚО-на келесі құжаттарды ұсыну:
— сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:
— Мүліктің техникалық паспорты;
— Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
— Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
— Сату жөніндегі шешім;
— Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі;

Маңызды❗
ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс.
☝️Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді. .

Қызмет құны (тұрғын үй үшін) — 1 202 тг. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.

Есіңізде болсын❗
— Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.
— Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *