«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының өтінішімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали онлайн форматта жиын өткізді.
Мақсат — қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру. Келелі кеңесте Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсету мәселесін сөз етті.
«Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасының аясында ақпараттық түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы кезінде «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері статистикалық мәліметтер мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізіліген жаңа ережелермен етене танысты.
Онлайн форматта өткен жиында Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Жұмағали «негізгі мақсат жемқорлықтың алдын алу емес, жемқорлыққа жол бермеу»,- деп ерекше атап өтті.
Адал қызмет атқару — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.
Bozyq.kz