Шымкенттегі «қалың орман» көркейе түсті. Шаһардағы Асанбай Асқаров атындағы дендробақ көліне су келе бастады. Сондай-ақ, саябақ ішінде өсімдіктерді суару үшін қосымша 4 құдық қазылып, 1 ұңғыма іске қосылды.
Дендробақ маңайында құрылыс жұмыстары жүріп, салдарынан су тартылып қалған болатын. Салдарынан жасанды көлдің табаны кебе бастаған-тын. Қазір сумен қамту жүйесі қалпына келтірілді. Жер аударылған үнді үйректері қайта оралды. Бұрын дендросаябақта суға қатысты орасан зор мәселелер болса, қазір іс жүзінде шешілді, -дейді саябақ директоры.
ГҮЛНӘР САПАРЫМБЕТ — ДЕНДРОПАРК ДИРЕКТОРЫ
-Толыққанды толтырылды біздің көлдеріміз. Жаңағы су құбыры толыққанды іске қосылды. Одан басқа жаңа өздеріңіз аралап көрдіңіздер 4 жаңа ұңғыма қазылып жатыр. Соның бірі су беріп тұр. Қазір осы 10 күннің ішінде 2 су ұңғымасы іске қосылады. 15 -20 күннің ішінде сумен қамтамасыз ету толық іске қосылады.
Бұл — Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ болып есетеледі. // Айгүл Усманова — Семейде тұрады. Шымкент қаласына қонаққа келген ол, дендробаққа арнайы келіпті. Дендробақ қатты ұнағанын, ерекше әсер алғанын айтады.
АЙГҮЛ ҰСМАНОВА — СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
-Көлі де ұнады. Үректер де ұнады. Көл өте жақсы. Әдемі көл екен. Керек пе осындай парк? Керек, керек.
Дендробақ 117 гектар алқапты алып жатыр. Саябақ ішінде қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер кездеседі. 100 мың ағаш-бұта өсіп тұр.