ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН 9 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ағымдағы жылдың 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Жол апаты орын алған аймақты тексеру кезінде облыстық маңызы бар «Екпінді-Созақ» тас жолы бойында «Nissan», «Toyota Camry» және «Volkswagen Grafter» маркалы үш автокөлік соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты. Алдын ала мәліметтер бойынша «Nissan» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

ЕСКЕРТУ: ВИДЕО СІЛТЕМЕСІ ТӨМЕНДЕ. +16 IMG_1205

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазіргі тада жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек АПБ-нің полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Жүргізушілер, сақ болыңыздар!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *