Үшінші мегаполисте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары жыл басынан бері 191 құрылыс нысанын тексерген. Нәтижесінде 161 заңсыз құрылысқа жол берілгені анықталған. Одан өзге құрылыс сапасы мен үлестік қатысу туралы заңнама талаптары бұзғандар да анықталып айыппұл арқалаған.
Басқарма жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 165 нысанда 475 заң бұзушылық анықтапты. Заңды белшеден басқандарға әкімшілік хаттама толтырылып, олардан 81 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілген.
Сонымен қатар басқарма өкілдері заң талаптарын сақтамай жүргізген 31 құрылыс нысанын анықтаған. Ол жерде мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі қабылданып, 4 нысан жерсмен жексен етілген.