150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Шымкент қаласында 150-ден аса отбасы қоныс тойын тойлады.  Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 168 отбасы арендалық баспанамен қамтылды.

Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға берілді. Ал, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 48 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар «Тұран»  шағын ауданында орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *