Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаламыздың білім деңгейін халықаралық додаларда көрсетіп жүрген оқушылар мен студенттер арасында Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жетекшілерімен брифинг өтті. Брифингке 2023 жылы Индонезия, Бандунг қаласында өткен Халықаралық IGeO олимпиадасының қола медаль иегері, 2023 жылы Сербия, Белград қаласында өткен Еуропалық ЕGeO олимпиадасының қола медаль иегері — Арсен Сыдыков, 2023 жылы Мәскеу қаласында өткен Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының ғалымдар мен мамандардың халықаралық қауымдастығының биология пәнінен «Бастау ғылымнан» халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының 1-дәрежелі Дипломы — Байжүрек Баязит, 2023жылы Сербия, Белград қаласында өткен Еуропалық ЕgeO олимпиадасының күміс медаль иегері — Серікбай Қанат Асхатұлы және қалалық білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының директоры Раушан Джеренова және БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз мәжілісінде қалалық «Дарын» орталығының директоры Раушан Омархановнаның айтуынша, дарынды балаларды қолдау, дамыту және әлеуметтендіру өте маңызды. Биыл республика құрама командасына Шымкент қаласынан 9 оқушы жүлделі орын алды. Оның ішінде 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №514 бұйрығына сәйкес, қаламызда түрлі пәндік, ғылыми және зияткерлік конкурстар, халықаралық олимпиадаға 70000-нан жастар қатысуда. Әр конкурстың өзіндік кезеңдері болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл алғаш рет халықаралық зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар беріледі. Алтын медаль алған оқушыға 1500 АЕК, күміс медальға 1000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Мектеп оқушыларын жарысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы беріледі.
Еуропалық ЕgeO олимпиадаларға қатысатын шымкенттік білім алушылар көбінесе Қазақстанның және шет елдердің танымал жоғары оқу орындарына түсетінін айтты.
«Басқа елдердің оқушыларымен бәсекелесу өте қызықты, маған математикадан есептерді шешу өте ұнайды, өйткені оларды әртүрлі елдердің үздік жетекшілері құрастырады. Әдетте, барлық тапсырмалар күрделігіне қарай тәртіппен жүреді. Үшінші категорияны шешу ең қызықты, олар креативті болады. Олимпиадаларда мен жауапкершілікті сезінемін, өйткені мен өз елімді, Қазақстанды таныстырамын», -деді Қанат Асхатұлы.