ШЫМКЕНТ: ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ 5 ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Шымкентте қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі 5 тергеп-тексеру дерегі тіркелген.  Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады. Департамент қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын-алу, анықтау және тергеу бойынша мүдделі, келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

— Салықтан жалтару,

— Қаржылық пирамидалармен күрес,

— Жұмыстарды іс жүзінде атқармай жалған шот-фактура жазу,

— Заңсыз кәсіпкерлік,

— Заңсыз ойын бизнесі,

— Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы,

— Жалған ақша жасау,

— Авторлық құқықтарды қорғау,

— Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы,

— Квазимемлекеттік және бюджет саласындағы жымқыру,

— Экономикалық контрабанда,

— Әдейі банкроттық.

«Жалпы 2023 жылдың 9 айында Департамент өндірісінде 96 қылмыстық іс болған, 62 өндіріспен аяқталған, оның басым бөлігі сотқа жолданған.  Өндірілген залал соммасы 1,8 млрд теңгені құрайды, 2,4 млрд теңге мүлікке тыйым салынған.Сонымен қатар, Қаржы пирамидаларымен күрес бойынша 2023 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 217 бабына сәйкес, яғни қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру дерегімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.»-деді Камилхан Исмилов.

Департаменттің жұмысы қылмыс анықтаудың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, одан бөлек квазимемлекеттік секторда ірі жымқыру деректерін анықтау, қоғамдың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады.

«2022 — 2024 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Республикалық маңызы бар қалаларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Медиа-жоспар іске асырылады»,-деді Әбілғазы Қалназаров.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Экономикалық қылмыстар туралы хабар және мәліметтер болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызға болады. Сенім телефоны: 8-7252-77-14-48.

Сондай-ақ, «Fingramotalline» мобильді қосымшасын пайдаланушылар 7/24 режимінде қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *