ШЫМКЕНТ: 140 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласында қазан айында басталған “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік өтті. Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Бүгінгі кезекті сенбілік Қазығұрт пен Құрсай елді мекендерінде жалғасты. Оған  қала әкімі аппаратының,  мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты.

Сенбілікке жиналғандар 3 секторға бөлініп, Тұран ауданына қарасты аумақта бей-берекет шашылып, қоқыс алаңына айналған орындарды қалдықтардан тазартты. Шөптерін жұлып, қураған ағаштарды кесті.

Құрылымдық басқарма және аумақтық орган басшылары мен қызметкерлері, жеке сектор тұрғындары, көше төрайымдары, кәсіпкерлер, Қоғамдық Кеңес пен Кәсіподақ ұйым мүшелері, ерікті жастар белсенділік танытты.  «Ақпараттық-коммуникациялық орталығының» қызметкерлері де сенбілікке шығып,  өздеріне тиесілі Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін қоқыстардан тазартты.

Жалпы тазалық жұмыстары қаладағы 81 елді мекенде ұйымдастырылды. Оған 74 техника тартылды. Шамамен 140 тонна  қоқыс жиналып шығарылды.

Айта кетейік,  “Таза қала өзіңнен басталады” атты акция қараша айының соңына дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *