ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР «ROBOLAND 2023» VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ІІ-ОРЫН ИЕЛЕНДІ

2-3 қараша аралығында өткен, Қарағанды ​​облысында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі өтті.

Бұл Қазақстандағы техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ірі робототехнологиялық жобалардың бірі. «RoboLand» жобасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиадалар мен жарыстар тізіміне енгізілген.

Халықаралық фестивальға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінен 300-ден астам команда бақ сынасты.

Атап айтқанда, шаһарымыздың намысын «Шымкент қаласының №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының» 8-10 сынып оқушылары қорғап, жүлделі ІІ-орын иеленді.

Айта кетейік,  Шымкент қаласындағы  №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты өңірдегі ең үздік мектептердің бірі болып табылады.  Білім ұясынан қияға қанат қаққан оқушылар әлемнің  алдыңғы қатарлы  жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруде.  Өткен жылы Германияның Дортмунд қаласында өткен әлемдік жарыста аталмыш  мектеп оқушылары үздік 8 команда құрамына еніп,  6-шы орынды иеленген.

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында  11  үйірме жұмыс істейді.  Білімге құштар жастар үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи технологиямен жабдықталған аудиторияларда ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *