ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Достық» үйі ғимаратында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Мәжілісте кеңес төрайымы Б.Көмекбаева 2023 жылғы 1 қарашадан бастап ротациялау негізінде лауазымынан босатылып, орнына Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Г.Сүгірбаева Аналар кеңесінің төрайымы болып бекітілді.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысына кеңес мүшелері, этно мәдени бірлестік басшылары мен көшбасшы әйелдер келді. Кеңестің негізгі мүшелерін өз уақытында табанды еңбек еткен, қазір зейнеттік демалыстағы ақ жаулықты аналар қамтиды.

Айта кетейік, Ассамблея жанынан құрылған әр түрлі деңгейдегі аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Аналар кеңесі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысады, әр түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, тірлігі мықты әрі тату отбасыларды насихаттайды.  Аналар кеңесі әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар мекемелерімен, бастамашыл орталықтармен тығыз және жемісті жұмыс істеп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *