«Көкнар» және «Допинг» жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде Түркістан облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмысты тіркеді. Оның ішінде 18 есірткі заттарын өткізу жайты, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау мен 38 есірткі өсімдіктерінің алқабы жойылды. Полиция қызметкерлерімен тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 6 тоннаға жуық, оның ішінде 5,5 кг-дан астамы героин.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, күдіктілерді есірткіні сақтау мен өткізу кезінде ұстау, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз егілуі мен есірткіні жеткізу арналарын және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау мен жою болып табылады.
Мысалы, 17 қыркүйек күні Түркістан облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктіні тінту кезінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын тапты. Одан әрі ұсталған күдіктінің үйінде тағы бірнеше полиэтилен пакеттер мен есірткі орамасы тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 5 кг-дан асатын марихуана болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі психотроптық заттармен, сол тектестермен прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» және 297-бабы «Есірткі психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.
Сондай-ақ, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД ЕҚҚКБ жедел уәкілдері Кентау қаласының тұрғынын есірткі сақтауда күдікті ретінде ұстады. Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі заты бар екі полиэтилен пакетті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткі заты 1 кг-дан асатын марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі психотроптық заттармен, сол тектестермен прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын, сондай-ақ басқа да қылмыстардың толық мән-жайын анықтауда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі