БҰЛАҚ СУЫН ІШІП ҚАНТ ДИАБЕТІНЕН АЙЫҚҚАНДАР БАР

Теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан «Таң нұры» шипажайы қазақстандықтарды ғана емес, алыс-жақын шетел азаматтарын да «магнитше» тартып отыр. Өйткені тау сілемдерінің табанынан шығып жатқан «Түлкібасы әулие» бұлақ суы адам ағзасындағы қант құрамы деңгейін біршама төмендететіні анықталды. Шымкентен 75 шақырым жерде орын тепкен шипажай тағы несімен ерекшеледі? Оқи отырыңыз!
Түлкібас ауданы, «Ақсу Жабағылы» қорығының етегінде орын тепкен, «Таң нұры» оңалту- сауықтыру кешені профилактикалық емнен бастап, бірнеше қызмет түрлерін ұсынады. 3000 метр тереңдіктен шығып жатқан су — өкпе,тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі мен сүйек ауруларынан айығуға септігін тигізуде. Тіпті, қант диабеті ауруынан айыққандар да бар.
Айдар Қалиев- Түлкібас ауданының тұрғыны
-Мен келгенде сахырым 26 еді. Кейін 17-ге түсті, Қазір 6 болды. Осы суды ішкелі дұрыс бола бастадым.
Шипажай 84 орындық. 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дені жергілікті тұрғындар. Оңалту-сауықтыру кешені таза ауа, жасыл желегімен де ерекшеледі. «Таң нұры» оңалту–сауықтыру кешенінің қызмет көрсету құны да қымбат емес. Қолжетімді.
Мелдебек Алпысұлы — «Таң нұры» оңалту-сауықтыру кешені директорының орынбасары
-Бізде 6,5 мың мен 10 мың теңгенің арасы. Оның ішіне 4 мезгіл тамақ, сонымен бірге профилактикалық ем кіреді.
«Таң нұры» шипажайы Шымкент қаласынан 75 шақырым жерде орын тепкен. Бүгінде қанатын кеңге жая бастады. Төсек орнын көбейтпек ниетте. Өйткені, дертіне ем іздегендер Орта Азия, тіпті Европадан да келіп жатыр.
BOZYQ.KZ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *