Шымкентте жастар арасында спорттық турнир өтуде,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектепте волейбол, үстел тенисі, кіші футбол, шахмат және тоғыз құмалақ сынды спорттың 5 түрінен туринир басталды. Оған шаһардағы 5 ауданнан бас-аяғы 44 команда қатысып, бақ сынауда.
Жобаның мақсаты -шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерін оқушылар арасында насихаттау және жастар арасында нашақорлыққа және есірткі қарсы күресті насихаттау,-дейді сала мамандары.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламыздың шалғай елді мекендерінің жастар үшін спорттық жарысы ұйымдастыру қолға алында. Нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді. Турнирдің жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Бүгінде жергілікті билік жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту үшін қала мектептеріндегі спорт залдар мен спорттық алаңшалар базасын тиімді пайдаланып отыр. Шаһарда жыл басынан бері 352 іс-шара ұйымдастырылып, 34 498 жас қамтылған. Жыл соңына дейін 39 000 жасты қамту жоспарланып отыр.