ШЫМКЕНТ: ЖАС САРБАЗДАР АТЫС ДАЛАСЫНДА

Шымкент қаласы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары» комитетінің өкілі Шарифа Муминова  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында болды.  Бұл жолы ол «Дарбаза» полигонына шығып,   күзде бөлімге келген 200-ге жуық жас сарбаздың алғашқы практикалық ату жаттығуларын тамашалады.

Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарынан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер әлі Ант қабылдаған жоқ. Бірақ,  әскери дайындық негіздері бойынша теориялық бөлімнен өтіп, қарудың сипаттамаларын, оның ерекшеліктері мен қауіпсіздік шараларын терең ұғынды.  Енді, практикалық бақылау жаттығуларын орындау уақыты келді.

Жас сарбаздардың атыс жаттығуларын бастамас бұрын офицерлер мен сержанттар олармен атыс қаруынан атуға дайындалу және дұрыс көздеу,  атыс қаруының сипаттамасын, атыс ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы сабақтар өткізіп, нұсқамалар берді.

Жауынгер үшін қолайсыз ауа-райы әскери бөлімде қалуға кедергі де, сылтау да емес. Орташа алғанда, әр сарбаз далалық атыс жаттығуларын орандау үшін 12 айдың кем дегенде 4 айын полигонда өткізеді. Біздің ұлдарымыздың  әскердегі  күндері қалай өтіп жатқанын білу үшін мен полигонға арнайы келдім.  Жігіттер  соңғы үш аптада теориялық сабақтар барысында алған дағдыларын айқын көрсетті,- деді Шарифа Ахметжанқызы.

Алғашқы атыс қорытындысы бойынша үздік нәтижені  Қостанай облысының тумасы  Мирас Жанәбілов көрсетті. Ол 100-ден 93 балл жинады. Оның мергендігі мен қолының қаттылығын тек атыс шебіндегі нұсқаушы ғана емес, сонымен қатар бригада командирі полковник Әмірқожа Айткожин де оң бағалап, оған жақсы қызмет тіледі.

— Мен бәрін командирлеріміз үйреткендей нұсқаулықпен орындадым. Келесі жолы мен өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз әскери қызметтің негіздерін қызығушылықпен игеріп, ант қабылдауға дайындалып жатырмыз. Алғашқы атыстардан кейін менімен бірге келген көптеген жігіттердің армияға деген қызығушылығы екі есе артқанына сенімдімін, – дейді қатардағы сарбаз Мирас Жанәбілов.

Айта кетсек, жас сарбаздардың алдында беренді техниканы тізгіндеу сынағы күтіп тұр. Енді олар траншеядағы позицияға орналасу, темір сауытты беренді машинаның астына жатып, кейін  оны граната муляжымен көзін жою сынды сынақтардан өтеді.  Осы сынақтан өткеннен кейін жауынгерлер әскери Ант қабылдайды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *