КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ КУРСТАРЫН ТӘМАМДАҒАН ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында арнайы курс аяқтаған тұрғындар сертификаттарға ие болды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Куәландыру құжаттарын Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев табыстады.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ұйымдастырған курс «Мен – кәсіпкер» жобасы аясында қолға алынды.  Бұл жолғы қатысушылар «Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерін пісіру» және «Киім пішу, тігіс тігу» курстарына қатысты. Тігін өндірісі бойынша – 20, ал кондитерлік өнімдер әзірлеу бойынша 21 қыз-келіншек салалық оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болып отыр. Олар – жеке кәсіпкерлер немесе өз ісін ашқысы келген азаматшалар. Курсқа ісін жаңадан бастағандар ғана емес, ысылған тәжірибелі  кәсіпкерлер де қатысты.

«Кәсіпкерлер палатасында қаламыздағы қыз-келіншектердің қажеттіліктеріне байланысты оқу курстары қолға алынған. Осы курстарда жыл соңына дейін 120 қыз-келіншекті қамту жоспарланып, кезеңімен іске асып жатыр. Шектеу жоқ, курсқа ісін жаңадан бастағандар да, тәжірибелі де кәсіпкерлер қатыса алады. Оқу – тегін. Ал мерзімі курс түрлеріне байланысты», – дейді  Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Айта кетейік, тігін бағыты бойынша курс – Art School тігін академиясында, ал кондитерлік курс Oliva кулинариялық студиясында өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *