КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілерінің рейдерлік және қылмыстық қудалауға заңсыз тарту фактілерінің алдын алу және болдырмау бойынша мекемеаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиынға кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, экономикалық тергеп-тексеру департаменті, полиция департаменті және қалалық кәсіпкерлік және және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінге дейін Шымкент қалалық прокуратурасына жалпы 9339 шағым түссе, соның 515-і жеке кәсіпкерлерден түскен. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда кәсіпкерлердің шағымы 75-ке азайып отыр. Қылмыстық қудалау органдарына түскен шағымдарды әр уәкілетті орган жеке қарап, шағым иелеріне тиісті жауаптарды жолдауда.

Жиында кәсіпкерлік субъектілерінің арыз-шағымдарын тиімді қарау мен анықталған заң бұзушылықтар бойынша нақты шаралау қабылдау мәселесі талқыланды.

Айта кетейік, мекемеаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы ынтымақтастықты іске асыру шеңберінде құрылған. Кәсіпкерлік субъектілерінің рейдерлік және қылмыстық қудалауға заңсыз тарту фактілері бойынша арыз-шағымдарын қарайтын жұмыс тобының негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау. Орталық деңгейдегі жұмыс тобының құрамында прокуратурамен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР ІІМ және «Атамекен» палатасының өкілдері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *